Жүктеп алу

Қолданбаны қалай жоюға болады

Қолданбаны жою түк қиын емес - кез келген басқа Android қолданбасын жойғандай. Белгішені басып тұрып, «Жою» опциясын таңдаңыз. Оп-оңай!

Қолданбаны жою

Қолданбаны кез келген басқа Android қолданбасы сияқты жоя аласыз. Белгішені басып тұрып, Жою опциясын таңдаңыз.

Неге қолданбаны жоя алмаймын?

Құрылғыда бірнеше пайдаланушы аккаунты болса және пайдаланушылардың бірі қолданбаны орнатса, ол барлық пайдаланушы үшін орнатылады. Сондықтан кейде оны өз пайдаланушыңыздан жою немесе қайта орнату мүмкін болмайды, себебі ол басқа пайдаланушыда әлі де бар.
Бұл мәселені шешудің екі жолы бар. Өзіңізге ыңғайлысын қолданып көріңіз:

  1. Сол пайдаланушының профиліне кіріп, қолданбаны жойыңыз.
  2. Қолданбаны барлық пайдаланушылар үшін жойыңыз (ол үшін әкімші болуыңыз керек). Параметрлер > Қолданбалар бөліміне өтіп, қолданбаны тауып, ол туралы ақпаратты ашыңыз. Содан кейін қосымша мәзірді (3 тік нүкте) ашып, Барлық пайдаланушылар үшін жою опциясын таңдаңыз.

Тіл